Шебер ұстазтабысты оқушы

 

2024 жылдың 6 наурызы күні «Мұрагер» мамандандырылған мектеплицейинтернаты директорының оқу ісі бойынша орынбасары Жаксыбаева Құралай Бодеевна мұғалімдерді «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығының жаңа редакциясымен таныстырды.  «Шебер ұстазтабысты оқушы» тақырыбында өткен семинарда педагогтерді аттестаттаудың философиясы, «Ұстаз» платформасының тиімділігі, педагогтің қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің және педагогтің білімін бағалаудың тәртібі туралы таныстырылды. Жалпы 56 мұғалім қатысып, ереже бойынша туындаған сұрақтар талқыланды.

 «ҰСТАЗ» ұлттық платформасын енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары

 Қарағанды облысы бойынша білім беру ұйымдарының педагогтеріне Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының жобасын түсіндіру және ұсыныстар енгізу үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты» директоры Жетписбаева Мейрамгуль Асылбековнаның жетекшілігімен жұмыс тобы құрылды. Топ құрамында болған «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты директорының оқу ісі бойынша орынбасары Жаксыбаева Құралай Бодеевна 2024 жылдың 11 наурызы күні «Шебер ұстаз – табысты оқушы» тақырыбында Қарқаралы ауданының білім беру ұйымдарының педагогтеріне аттестаттаудың философиясы, педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының «Ұстаз» ұлттық платформасының тиімділігі, педагогтің қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің және педагогтің білімін бағалаудың тәртібі, жалпы аттестаттаудың шарттары мен тәртібі туралы таныстырды. Онлайн форматта өткен кездесуде аудан бойынша 1084 педагог және білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Ереже бойынша туындаған сұрақтар талқыланып, ұсыныстар жинақталды.